Баян-Өлгейді қолдап жіберейік.

  • alashaman
«Керекке» жазба қалдырмағалы да көп болды. Сатыбалды сияқты мен де алыстап кеттім-ау шамасы. Дегенмен, «КерекИнфоның» қыз-жігіттеріне бір өтінішім бар. Мына Моңғолияда қазақтар тұратын аймақ бар. Баян-Өлгей аймағы. Қазақшаласақ Байбесік. Біздегі сияқты моңғолдар да өздерінің үздіктерін анықтап жатқан көрінеді. 2012 жылдың қортындысы бойынша.

Мына сайтта сауалнама жүріп жатыр.

Қазақтардың аймағы бірінші орында келеді. Атажұрттағы қазақтардың көмегі көп болды мұнда. Дегенмен, «КерекИнфоның» қара ормандай қалың оқырманы да дауыс беріп жіберсе моңғолдар таң қалатын шығар. «Баян-Өлгейдің қазақтары интертентте мықты екен» деп. Сондықтан, қыздар-жігіттер алыстағы ағайынды қолдап жіберейік. Сілтемеде «санал өгөх» деген тұр. «Баян-Өлгий» дегеннің тұсында. Соны бассаңыздар жетеді.
Айтпақшы, келе жатқан 2013 жыл құтты болсын достар!
Әрі қарай

"Керектен" үйренгендерім))))


Аса құрметті админ ағай мен Сатыбалды, Саммита мен АКҮ (ханым) һәм Гаста, Бекжан, Алдан, Марко, Нұрғиса мырзалардың рухына емес, құдай сақтасын, құрметіне арналады.
Неге деп бағжиып қарама, проста жұмыс орнымыз оң жағалаудан, сол жағалауға көшіп, арада біраз уақыт Интернетсіз қалдық. Сол себебі. Жаңа сөзден сөз шығып, Сатекеңнің «мамандық» туралы постынан кейін, «Ойпырай осы „Керекке“ келіп біраз нәрсе үйреніппін ғой» деп ойланып таң қалып емес қалдым.
Так содан, не үйрендім өзі құдай-ау. А, Сатекеңнің "Қойшы-әйінан" бастасақ. "Кет на...", «лібә», «Күчт ғуә», «ИМХО», «Ом манэ падме хум», «ОлАһи-буддахи», «амиго», «пахом», «сыболыш», «бензин шашу», «отқа май құю», «ептібайымайд», «мұрттыбайымайд», "қолтықтан кеттім", «боғреем», «мұңайған боқ», «тас», «исажар», «Буддажар», «херметті», «жұма күнгі бояндар», «көтіқарақты христиандар», «кажись», «рәсә», «бұтақты жеме», «пензес» деген сияқтылар өріп кете береді. Енді в данный момент есіме түсіп тұрғандары осы.
«Керекке» алғаш шәйник боп келіп, ақырында үйренгендерімссс ғой  
Енді маған әлі бағжиып қарап тұрсыз ба, бұны не мақсатта жазды деп. Жаңа айттым ғой, «Керектің» арыстан-асқабақбасты патшасы Сатыбалдының мамандық туралы жазбасынан кейін осы ой келді да проста. Сосын жаңадан келгендерге типі путеводитель болсын деген түрім ғой. (Мә, не деген жанашырлық десейші)
Ал, енді сіздер де кісіліктеріңе зияны тиіп кетпесе не үйренгендеріңізді айта отырсаңыздар деген өтініш бар. Хи-хи. (Тссс, депрессиядан өш алып, Монтидан смайлик ұрлаған түрім ғой)
Р.S. «Сатыбалдыһәмкерекомания ІІ стадия» деген диагнозым да бар. Тек нотариусқа барайын десем, далада аяз боп тұр да.
Әрі қарай